Текст песни Абай Кунанбаев - Слова Назидания 38

Просмотров: 30
0 чел. считают текст песни верным
0 чел. считают текст песни неверным
На этой странице находится текст песни Абай Кунанбаев - Слова Назидания 38, а также перевод песни и видео или клип.
Ей, жүрегімнің қуаты, перзентлерім! Сіздерге адам ұғылының мінездері туралы біраз сөз жазып ядкар қалдырайын. Ықыласпенен оқып, ұғып алыңыздар, оның үшін махаббатың төлеуі - махаббат. Әуелі адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нәрселерменен. Мұның табылмақтығына себептер - әуелі хауас сәлим һәм тән саулық. Бұлар туысынан болады, қалмыс өзгелерінің бәрі жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Талап, ұғым махаббаттан шығады. Ғылым-білімге махаббаттандырмақ әлгі айтылған үшеуінен болады. Ғылым-білімді әуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпенен яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады. Сонан соң ғана алла тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық, өз адамдығын бұзбай ғана жәліб мәнфағат дәфғы мұзарратларны айырмақлық секілді ғылым-білімді үйренсе, білер деп үміт қылмаққа болады. Болмаса жоқ, ең болмаса шала. Оның үшін көбінесе балаларды жасында ата-аналары қиянатшылыққа салындырып алады, соңынан моллаға берген болады, я ол балалары өздері барған болады - ешбір бәһра болмайды.
Ол қиянатшыл балалары талапқа да, ғылымға да, ұстазға да, хаттә иман иғтиқадқа да қиянатпенен болады. Бұл қиянатшылар - жарым адам, жарым молла, жарым мұсылман. Олардың адамдығының кәмәләт таппағы - қиынның қиыны. Себебі алла тағала езі - хақиқат, растықтың жолы. Қиянат - хақиқат пен растықтың дұшпаны. Дұшпаны арқылы шақыртқанға дос келе ме? Көңілде өзге махаббат тұрғанда, хақлықты таппайды.
. . . . . . .
1896
O power of my heart, my children! Let me write you a few words about the character of a human being. Read it carefully and understand that love pays for it. First of all, human humanity is based on the mind and science. The reasons for this are, first of all, good health. They come from relatives, everyone else comes from a good father, a good mother, a good friend, a good teacher. Demand and understanding come from love. There are three ways to make people love science. The child does not seek knowledge from the very beginning. In the beginning, it is necessary to be attached to violence or deception, until you get used to it and find what you are looking for. Only when a child is passionate about science and knowledge, his name will be human. Only then can we hope that he will know science and knowledge, such as getting to know God, getting to know himself, getting to know the world, and not distinguishing between the interests of the people without violating his humanity. Otherwise, at least prematurely. For him, children are often abused by their parents at an early age, and then given to a mullah, or their children go themselves - there is no benefit.
His abusive children are abusive to demands, to science, to teachers, and even to faith. These abusers are half a man, half a mullah, half a Muslim. The perfection of their humanity is the hardest. Because the footsteps of God are the truth, the way of truth. Abuse is the enemy of truth and truthfulness. Does a friend come to summon through the enemy? When there is another love in the heart, it does not find the truth.
. . . . . . .
1896
Опрос: Верный ли текст песни?
Да Нет
Контакты